Үйдің подъезі, сырты және басқа көп нәрселер осы үйдің барлық пәтер иелерінің жалпы мүлкі болып табылады. ПИК сіздің үйдің барлық пәтер иелері жөндеуге қажет соманы тапсырғаннан кейін жөндец жұргізе алады (ПИК-те тұрғындар тапрсырған ақшадан басқа ақша жоқ екенін түсіну керек). Жөндеу жүргізу үшін қаражатты еку тәсілмен жинауға болады – біржолғы жөндеу жарнасы түрінде немесе болашақта жөндеу жүргізуге арналған қосымша ай сайынғы жинақ түрінде.
Мәселен сіз ай сайын үйдің ағымдағы ұстауына шаршы метрге 30 теңге тапсырасыз және осы сомағы жөндеу жұмыстарына арналған жинақ кірмейді. Шамамен подъезді жөндеуге 200 мың теңге кетер делік және ол үйде 15 пәтер бар болсын. Сізге осы 15 пәтердің иелеріне қосымша жөндеу жарнасын олардың алаңдарына сәскестендіріп бөлу керек (үш бөлмелі пәтер иесі екі бөлмелі пәтер иесіне қарағанда көбірек төлейді). Мәселен, барлық пәтерлер бірдей дейік – 200 мыңды 15 бөлеміз, 13 340 шығады. Жөндеу барлық 15 пәтердің иелері қажетті қаражатты тапсырғаннан кейін және ПИК жеткізушімен шарт жасағаннан кейін басталады.
Басқа жағдайда сіздің үйдің пәтер иелері жалпы жиналыста жыл сайын кезекпен бір подъезге жөндеу жүргіземіз деп шешім қабылдайды. Мәселен сіздің үйде 4 подъезд және 60 пәтер дерлік. Әрбір подъездге төрт жылда бір рет жөндеу жүргізілетін болады – 200 теңгеге. Қосымша жинақтау жарнасының мөлшерін есептейік. 200 мың теңгені 60 пәтерге және 12 айға бөлеміз. Егер барлық 60 пәтер иелері бір жыл ішінде ай сайын қосымша 280 теңге тапсырса, онда 12 айдан кейін бір подъезді жөндеуге жететін ақша жиналады. Бұл тәсіл біржолғы жинаққа қарағанда анағұрлым жақсы,ақша төлемейтіндермен жұмыс жасауға да уақыт болады.
Келесі жылы жөндеу құны қымбаттайды, сондықтан жинақтау жарнасын жыл сайын қайта қарап отыру керек. Жарналар барлығына бірдей бөлінбейді, пәтер алаңына қарай бөлінеді.
ОБСУЖДЕНИЕ
Для того чтобы оставлять комментарии, вы должны авторизоваться или зарегистрироваться на форуме